Өзенді кесіп Алматыға кірмек болғандар ұсталды

24 Наурыз 2020, 11:32
3845
Бөлісу:
Өзенді кесіп Алматыға кірмек болғандар ұсталды

Алматы, BAQ.KZ.  Ұлттық ұлан жауынгерлері карантин режимін бұзған төрт азаматты қолға түсірді, деп хабарлады Polisia.kz. 

Коронавирус ауруын алдын алу мақсатында карантинге жабылған Алматы қаласының шеткі аймақтарын күзету шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, Алматы облысы Абай елді-мекенінің жанында ағатын Ақсай өзені қала мен облысты екіге бөліп тұр. Осы өзеннің жағасында карантиндік режимді бақылау Ұлттық ұлан 5571 әскери бөлімінің жауынгерлеріне сеніп тапсырылды. 
Кеше сағат 13.40 шамысында  ұландық жауынгерлер Алматы қаласының кіреберісіне қойылған тосқауыл бекетті айналып өтіп, қалаға аумағына кірмекші болған төрт азаматты қолға түсірді. Қанат Бейсенбаев басшылық жасайтын әскери топ өзенді кесіп өтіп, қала аумағына жақындап келе жатқан екі азаматты байқайды. Оларды тоқтатып, мән-жайды анықтағанда жұмыс іздеп, қала аумағына өтпекші болғандары анықталды, - делінген хабарлмада. 

Артынша тағы екі азамат Ақсай өзенін кесіп өткен кезінде ұландықтардың қолына түскен. Барлығы мән-жайды анықтау үшін аудандық Ішкі істер басқармасына жеткізілді. Осыған дейін наурыздың 22-сі күні ұландық офицер Еркебұлан Бейсенбай дәл осы Ақсай өзені маңында тағы бір азаматты ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырған болатын.
Өзгелердің жаңалығы