Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зеленский: Жаңа жылға дейін көп мәселе шешілуі мүмкін

Бүгiн, 11:53
215
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Украина президенті Владимир Зеленский "дипломатиялық тұрғыдан ең белсенді күндердің бірі" өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Украина басшысы Telegram желісіндегі жазбасында көп нәрсенің шешілуі мүмкіндігін айтты.

Жаңа жылға дейін көп нәрсе шешілуі мүмкін. Біз соның бәрі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Ал нақты шешімдердің қабылдануы серіктестерге байланысты. Украинаға көмектесіп отырғандарға және Ресейге қысым жасап отырғандарға байланысты, – деп атап өтті.

Зеленскийдің айтуынша, тек осы апта ішінде Ресей әскерлері Украина аумағына 2100-ден астам соққы жасайтын дрон, шамамен 800 басқарылатын әуе бомбасы және әртүрлі типтегі 94 зымыран ұшырған. 

Мұның бәрі халқымызға, өмірге және оның қалыпты жағдайын қамтамасыз ететін нысандарға қарсы бағытталған. Ең алдымен, энергетикалық инфрақұрылымымызға соққы жасалып жатыр, – деді саясаткер.

Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында кездесу өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы