Ресей, Украина және АҚШ өкілдерінің келесі келіссөздері 4 және 5 ақпанға белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі, 1 ақпан күні Telegram-арнасында мәлімдеді.
Жаңа ғана келіссөз жүргізіп жатқан командамыздың баяндамасы болды. Келесі үшжақты кездесулердің мерзімі анықталды: 4 және 5 ақпан күні Абу-Дабиде өтеді, – делінген жазбада.
Мемлекет басшысы украин тарапы нақты әрі мазмұнды әңгімеге дайын екенін атап өтті.
Украина нәтиженің соғыстың шынайы әрі лайықты түрде аяқталуына жақындатқанын қалайды. Көмектесіп жатқан баршаға рақмет! – деді президент.
Айта кетейік, 23–24 қаңтарда Абу-Дабиде АҚШ, Украина және Ресей арасында үшжақты келіссөздер өтті. БАҚ тараптар белгілі бір прогреске қол жеткізгенін жазған.
Зеленский өткен келіссөздерді конструктивті деп атады. Президент Украина делегациясынан БАӘ астанасы Абу-Дабиде Украина, АҚШ және Ресей арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша баяндама алғанын айтты.
Мемлекет басшысы бұл форматтың ұзақ уақыттан бері алғаш рет өткізілгенін, яғни екі күнге созылған үшжақты кездесулер болғанын атап өтті.
Көп мәселені талқылап үлгердік, әрі әңгіменің конструктивті болғаны маңызды, – деп жазды президент әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, талқылаудың басты назарында соғысты аяқтаудың ықтимал параметрлері тұрған.
Соғысты аяқтау процесін және нақты қауіпсіздіктің сақталуын америкалық мониторинг пен бақылаудың қажеттігі түсініліп отырғанын жоғары бағалаймын. Америка тарапы соғысты аяқтаудың параметрлерін бекітудің ықтимал форматтары мен оған қажет қауіпсіздік шарттары мәселесін көтерді, – деп жазды саясаткер.