Украина Президенті Владимир Зеленский республика Тәуелсіздік күніне орай жасаған үндеуінде Киев ешқашан Ресейдің "ымыра" деп атайтын қорлыққа көнбейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Украинаның дауысы естіледі, онымен санасады, оған құлақ асады. Оның орны – келіссөздер үстелінде. Ешкім оған: "Есіктің сыртында күтіңдер" демейді. Керісінше: "Шешімді тек сендер қабылдайсыңдар" дейді. АҚШ пен Еуропа мынаны мойындайды: Украина әзірге жеңіске жеткен жоқ, бірақ ешқашан ұтылған да жоқ, – деді Зеленский.
Мемлекет басшысы Ресеймен қақтығыс аяқталғаннан кейін Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерімен бірге тұрақты әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік қажет екенін атап өтті.
Украина сұрамайды, ол ұсынады. Бұл – одақтастық пен әріптестік. Еуропадағы ең мықты әскер. Заманауи қорғаныс технологиялары. Төзімділік тәжірибесі. Біз былай дейміз: "Бізге ЕО керек". Иә. Бірақ ЕО-ға да біз кем түспей қажетпіз. Бұны бәрі мойындайды. Украина да дәл солай танылады. Кедей туыс емес, қуатты одақтас ретінде, – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Украина көшбасшысы жақын арада ел тағдыры шешілетінін айтқан болатын.