Зеленский Украина бейбітшілік үшін қандай қадамға дайын екенін айтты

7 Наурыз 2025, 08:56
882
Бөлісу:
Зеленский Украина бейбітшілік үшін қандай қадамға дайын екенін айтты
Фото: zelenskyy.official

Украина "бейбітшілікті орнату үшін қажетті қадамдарды" ұсынып, оларды дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Еуроодақтың отырыстында айтты.

Барлығы Ресей осы соғыстың жалғыз көзі ретінде оның аяқталу қажеттігін мойындайтынына көз жеткізуге тиіс. Мұны жеңіл орнатуға және бақылауға болатын тыныштықтың екі түрімен дәлелдеуге болады. Атап айтқанда: энергетикалық және өзге азаматтық инфрақұрылымға шабуылдың болмауымен, Қара теңіздегі әскери операцияларды тоқтатумен дәлелдеудің жолы бар, - деді Зеленский.

Келесі қадам ретінде украиндық көшбасшы "келіссөздер өтетін жағдайларға қарапайым сенімді" атады.

Бұл кез келген мәміле мен сенімді нығайту бойынша шараның кез келген түрі қауіпсіздік пен соғыстың тоқтауына кепілдік туралы келісімге негізделуге тиіс, - деді Зеленский.

Сондай-ақ ол Украина Еуропамен бейбіт жоспар мен келіссөздік процестің барлық тетіктерімен бөлісіп отырғанын айтып ағынан жарылды. Бейбітшілікке қол жеткізу процесіне Украинаға көмек қолын ұсынған әр мемлекет қосылуға міндетті екендігін баса айтты.

Сонымен қоса Еуропаны Украинаның қауіпсіздігімен байланысты кез келген мәселе Киевтің қатысуымен шешілуі қажет деген ұстанымды қолдауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы