Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зеленский Трамппен келісімге келе алмады

Бөлісу:
 facebook / @dubinsky.pro
Фото: facebook / @dubinsky.pro

Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамппен өткен кездесуде қауіпсіздік кепілдіктері мен соғыстан кейінгі ел экономикасын қалпына келтіру мәселелері бойынша келісімдерге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Басылым дереккөздерінің мәліметінше, саммит қарсаңында АҚШ пен Украина өкілдері талқылаған құжаттарды тараптар соңына дейін келісіп үлгермеген, нәтижесінде олар қол қойылмай қалған. Financial Times атап өткендей, Зеленский Трампты Украинаға қолдау көрсету бойынша қосымша міндеттемелер алуға көндіруге тырысқан. Алайда АҚШ президенті бір сағатқа созылған кездесуден кейін Давостан ешқандай келісім жасамай кетіп қалған.

Басылым келіссөздерді украин тарапы үшін сәтсіз өтті деп сипаттайды. Соған қарамастан, Владимир Зеленский көпшілік алдында соғысты аяқтауға қатысты құжаттар «іс жүзінде дайын» екенін айтып, Дональд Трамппен болған диалогты өнімді деп бағалады.

Өзгелердің жаңалығы