Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зеленский тосын мәлімдеме жасады

Олжас АДАЙ
8 Сәуір 2025, 16:00
3029
Бөлісу:
 president.gov.ua
Фото: president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский алғаш рет украин әскерінің Ресейдің Украинамен шектесетін Белгород облысындағы әрекеттерін ашық мойындады, деп хабарлайды BAQ.KZ BCC-ге сілтеме жасап.

Біз жау аумағындағы шекаралас өңірлерде белсенді операцияларды жалғастырып жатырмыз. Бұл – әділетті әрекет. Соғыс шыққан жеріне қайта оралуы тиіс, – деді ол.

Президент сондай-ақ Украина өткен жылғы ірі шабуыл кезінде бақылауына алған, бірақ кейін Ресей қайта басып алған Курск облысы туралы да айтты. Қазіргі уақытта Украина бұл өңірде шағын аумақты ғана ұстап тұр.

Зеленскийдің айтуынша, "басты мақсат" – Украинадағы Сумы мен Харьков облыстарын қорғау және әсіресе шығыстағы Донецк майданындағы қысымды азайту.

Ресей әскері өткен айда Украина күштерінің Белгород облысына өту әрекеттері болғанын хабарлаған еді, алайда Мәскеу мұндай шабуылдар тойтарылды деп мәлімдеген. Бұл аумақтар Ресей шекарасынан небәрі бірнеше шақырым ғана қашықтықта орналасқан.

Қазіргі уақытта Мәскеу Украина аумағының шамамен 20%-ын бақылауында ұстап отыр.

Кремль АҚШ президенті Дональд Трамптың соғысқа бітім жариялау туралы ұсынысына селқос қарап отыр деген АҚШ пен Еуропа тарапынан айтылған айыптауларды жоққа шығарды.

Трамп дүйсенбі күні кешке журналистерге: "Қазір болып жатқан жағдайға көңілім толмайды", – деп, Ресейді "жаппай бомба жаудырып жатыр" деп айыптады.

Өзгелердің жаңалығы