Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы телефонмен жүргізген келіссөздің қорытындысы бойынша майдандағы жағдай, халықаралық қолдау мен келіссөз процестері бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы УНИАН жазды.
Атап айтқанда, Зеленский Киев энергетикалық инфрақұрылым бойынша соққыларды тоқтату туралы ұсынысты қолдайды деп отыр. Айтуынша, Украина "энергетикаға кез келген қарумен соққы жасамау" ұстанымын ұстайды.
Америкалық президенттен, америкалық тараптан мән-жайға қаныққан соң біз жауабымызды айтамыз, оны дайындаймыз және команда техникалық келіссөздерге дайын болады. Ал егер Ресей энергетикамызға соққы жасаса, біз де жауап береміз, - деді Зеленский.
Сондай-ақ ол Ресей іс жүзінде 30 күнге атысты тоқтату ұсынысынан бас тартып, Украинаның Сумск, Харьков, Запорожец облыстарына соққы жасауды жалғастырып жатқанын алға тартты.
Сонымен қоса, Зеленский Украина АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздердің нысаны болғысы келмейтінін ашып айтты. Украина туралы келіссөздер оның қатысуымен өткізілуге тиіс деп есептейді.
Мен біз «Путинге арналған мәзір» тізімінде болғанымызды қалаймын. Біз оның тәбетіне қарамастан, ол адам үшін салат немесе компот емеспіз. Біз оның қандай екендігін көріп отырмыз. Біз өз алдымызға жеке мемлекетпіз, сондықтан бізсіз біз туралы келісім жүргізу дұрыс емес деп ойлаймын. Өйткені барлығы қалайтындай нәтиже болмайды, - деп кесіп айтты Зеленский.