Украина президенті Владимир Зеленский дүйсенбіде Берлинге барып, егер қауіпсіздік жағдайы мүмкіндік берсе, Украинадағы соғыст тоқтату жолдары туралы келіссөздердің жаңа кезеңіне жеке қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Германия үкіметінің ресми өкілі Штефан Корнелиус мәлімдегендей, федералды канцлер Фридрих Мерц Зеленскийді "экономикалық келіссөздер жүргізу және бейбіт келіссөздердің барысы туралы пікір алмасу үшін" қабылдайды. Келіссөздер кешке ЕО мен НАТО басшылары, сондай-ақ бірнеше еуропалық мемлекет пен үкімет басшылары қатысуымен жалғасады.
Канцлер Мерцтің айтуынша, келіссөздерде Ресей агрессиясын тоқтату және Украина үшін қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ету мәселелері әлі де шешілмеген. Ол ұзақ мерзімді перспективада Украина армиясын нығайту және халықаралық қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украинаға "қатты ренжігенін" және соғысты тез арада тоқтатқысы келетінін айтты. АҚШ өкілдері 13 желтоқсанда Парижде Германия, Ұлыбритания, Франция және Украина өкілдерінің қатысуымен жоспарланған кездесуге қатысуы мүмкіндігі туралы әлі нақты мәлімдеме жасамады.