Бұл туралы Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трампқа хат жолдады және бұл «прогресс» деп атауға болатын «маңызды қадам» болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Стив Уиткофф бұл туралы Fox News арнасына берген сұхбатында айтты.
Біздің командалар, украиндар мен еуропалықтар арасында көптеген пікірталастар болды, олар да осы пікірталасқа қатысты. Мен мұны прогресс деп атағым келеді. Мен келісімге қол жеткізіледі деп үміттенемін, - деді Стив Уиткофф.
Айта кетейік, Владимир Зеленский мен Дональд Трамптың ақпан айының соңында Вашингтондағы кездесуі түсінбеушілікпен аяқталды. Украина президенті Ақ үйден жоспарланған уақыттан ерте кетті, сонымен қатар АҚШ пен Украина арасында сирек кездесетін металдар бойынша келісімге қол қою да тоқтатылды.
10 наурызда Владимир Зеленский тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен кездесу үшін Сауд Арабиясына келді. Бүгін Украина мен АҚШ арасында Ресей-Украина қақтығысын реттеу бойынша жаңа келіссөздер өтеді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ-қа Сауд Арабиясындағы украиндықтармен кездесудің нәтижелері «ұнаса», америкалықтардың Киевке әскери көмегі қайта жанданатынын айтты:
Менің ойымша, егер ол жерде бізге ұнайтын және президентке есеп бере алатын жақсы кездесу болса, менің ойымша, үзіліс (әскери көмек) туралы шешім қабылданады, - деді Рубио.
Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Америка Құрама Штаттары әлі де табиғи ресурстарға қатысты мәміле жасасуға үміт артып отырғанын, бірақ оның егжей-тегжейлері толық пысықталмағандықтан, Сауд Арабиясында келісіле ме, жоқ па нақты емес.