Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зеленский 18 тамызда Трамппен кездеседі

16 Тамыз 2025, 13:52
806
Бөлісу:
 Владимир Зеленскийдің Телеграм-арнасынан
Фото: Владимир Зеленскийдің Телеграм-арнасынан

Украина президенті Владимир Зеленский дүйсенбі, 18 тамыз күні Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамппен кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлық мәселелерді қантөгіс аяқталған соң, соғыс біткеннен кейін – дүйсенбі күні Вашингтонда президент Трамппен талқылауды жоспарлап отырмын. Шақырғаны үшін алғысымды білдіремін, – деп жазды Зеленский АҚШ басшысымен телефон арқылы сөйлескеннен кейін өзінің Telegram-арнасында.

Бұған дейін Трамп Аляскада Ресей президенті Владимир Путинмен үш сағаттық келіссөз жүргізген болатын.

Президент Трамппен әуелі жеке, кейін еуропалық лидерлердің қатысуымен ұзақ әрі мазмұнды әңгіме болды. Жалпы бір жарым сағаттан астам, оның шамамен бір сағатында Трамппен сөйлестік. Украина тағы да бейбітшілік үшін барынша тиімді жұмыс істеуге дайын екенін растады. Президент Трамп маған Ресей басшылығымен кездесуінің мазмұны мен негізгі тұстары жөнінде ақпарат берді. Маңыздысы – Американың қуаты жағдайдың дамуына ықпал етіп отыр, – деп атап өтті Украина президенті.

Еске салайық, Путин мен Трамптың шағын форматтағы келіссөздері өтті.

Ал өз кезегінде Владимир Зеленский кездесуден не күтетінін жеткізді. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп Путинмен кездесуінен кейін Fox News арнасына сұхбат беріп, келіссөздерді "ондыққа татитын" деп бағалады.

Өзгелердің жаңалығы