Өзбекстанның тарихи жерлерін онлайн 3D форматында тамашалауға мүмкіндік туды

12 Мамыр 2020, 07:50
1780
Бөлісу:
Өзбекстанның тарихи жерлерін онлайн 3D форматында тамашалауға мүмкіндік туды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер-жаһанды аласапыран күйге түсірген пандемия өзбектердің туризмін тұралатты, деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы жылдары көрші мемлекетте туристер саны күшті қарқынмен өсіп келе жатқан еді. Мәселен, былтыр бұл елге 6 млн 700 мың адам демалып барса, биыл бұл көрсеткіш 8 млн дейін жетеді деген болжам болған. Жыл басынан бері Өзбекстанға 1 млн 200 мың адам саяхаттап барған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 процентке аз. Өзбек еліне келгендердің дені Қазақстан азаматтары екен. Енді бұл тірлікті тірілту үшін көршілер онлайн-турзимді дамытып жатыр. Дәлірек айтқанда, қазір мұнда интернет-портал арқылы виртуалды турлар ұйымдастырылды. Бұл жерде Өзбекстанның тарихи һәм мәдени орындарын 3D форматында тамашалауға мүмкіндік жасалған.
Қазіргі уақытта музейлермен және туристік нысандармен 3D және VR-түсірілім жүргізуге келістік. Интернет-порталдағы виртуалды турлар 12 тілде өткізіледі. Сонымен бірге мұнда туризм саласында қызмет етіп жүрген кадрларды оқыту үшін вебинарлар ұйымдастырылмақ, - мемлекеттік туризм комитеті жанындағы ұлттық pr-орталығының директоры Дилфуза Самандарова.
   .




Өзгелердің жаңалығы