Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өзбекстаннан 2 млн маска алдық. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
Сырттан келіп жатқан маскалар бар. Кеше ғана Өзбекстаннан 2 млн маска алдық. Қазір Шымкент қаласына орналастырылды. Бұл мәселемен айналысатын тек бір ғана орган бар,ол – СК "Фармация". Түскен маскалардың барлығын жан-жаққа әділетті түрде тарататындар денсаулық сақтау министрлігі мен СК "Фармация" болып табылады, - деді ол.
Тоғжанов оны қоғамдық ұйымдар да қадағалап отыратынын айтты.
Бізде дәріханалардың қауымдастығы да бар. Фарм мекемелердің қауымдастығы облыстарға тарату жұмыстарын тікелей қадағалап отырады, - деді ол.