Өзбекстанда Ерлер комитетін құру ұсынылды

7 Наурыз 2019, 14:38
1835
Бөлісу:
Өзбекстанда Ерлер комитетін құру ұсынылды

Астана, BAQ.KZ. Өзбекстанда Ерлер комитетін құру ұсынылды. Бұл жөнінде Өзбек телеграф агенттігі хабарлады.

Мұндай ұсыныс Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде «Отбасылық энциклопедия» және «Әйелдерге арналған энциклопедия» кітабының тұсаукесерінде айтылды.

«Ажырасу туралы сөз қозғағанда Өзбекстан көрсеткіштерін еуропалық елдермен салыстырып, ажырасу көрсеткіші төмен екенін басып айта беру дұрыс емес. Бұл жағдайдың ушығуына алып келуі мүмкін. Сондықтан, мен осы тақырып жөнінде жақ ашпай жүруге болмайды дегенге қосыламын. Біз оңтайлы шешімдер қабылдау үшін, отбасының бұзылуына алып келетін себептерді тереңінен зерттеп, талдау жасауымыз керек. Өзбекстанда отбасы негізінде ұлттық құндылықтар мен шығыс мәдениеті жатыр. Оларды насихаттау, рухани дамытуға бағытталған әдебиеттер көп болуы қажет деп ойлаймын. Сондықтан, мен «Ер адамдарға арналған энциклопедия» құруды ұсынамын. Бала тәрбиесіндегі әкелердің және отбасындағы отағасының мәртебесін арттыру керек», - деп агенттік баспасөз қызметі отбасылық сарапшы Джамиль Шермухамедовтың сөздерін келтірді.

Белгілі болғандай, шарада елдегі Әйелдер комитетіне балама ретінде Ерлер комитетін құру туралы ұсыныс жасалған.

Өзгелердің жаңалығы