Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда 2100 азамат карантиндік бақылауда, ал коронавирус жұқтырғандар саны 11-ге жетті.
Бұл жөнінде Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау инспекциясының басшысы Нурмат Отабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Өзбекстан ұлттық ақпараттық агенттігі.Нурмат Отабековтың айтуынша, бүгінге дейін Өзбекстанда 7900-ден астам азамат карантинде болып, олардың 5700-і үйлеріне қайтқан. Қазіргі уақытта 2100 адам бақылауда. Олар Ташкент облысындағы демалыс орындары мен Ташкент қаласындағы ауруханада карантинге жатқызылған.
Қазіргі уақытта Өзбекстандағы коронавирус жұқтырған жандар саны 11-ге жетті. Соңғы рет 17 наурыз күні Дубайдан Ташкентке келген өзбекстандық азаматтан дерт анықталған.