Өзбекстан президенті 83 әйелге кешірім жасады

6 Наурыз 2020, 22:19
1522
Бөлісу:
Өзбекстан президенті 83 әйелге кешірім жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Халықаралық әйелдер күніне орай бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдердің бір тобын кешіру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды UzA.

Жарлық бойынша 83 әйел кешірілді.

Президенттің бастамасымен мемлекет басшысы жанындағы Кешіру мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері мен басқа да жауапты ведомстволардың арасынан жұмыс топтары құрылып, олар сотталғандардың жеке ісін қарап, сол жерде жеке-жеке сұхбат жүргізді.

Кешірім жасаушылардың 12-сі жазасын толық көлемде өтеуден босатылды, 29-ы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, 17 әйелге тағайындалған жаза жеңілірек жазамен ауыстырылды. Осылайша, 58 әйел түзеу мекемелерінен босатылуда. Сонымен қатар, 25 сотталғанға қатысты жаза мерзімі қысқартылған.

Сонымен қатар, кешірілген әйелдің 7-еуі шет елдердің азаматтары.

Жауапты министрліктер мен ведомстволарға кешірілген адамдарға отбасыларына және жақын адамдарына оралуға, олардың әлеуметтік бейімделуіне, пайдалы жұмыспен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға және қоғамда лайықты орын алуға көмектесу тапсырылды.
 

Өзгелердің жаңалығы