Өзбекстан халықаралық әуе рейстерін қайта бастауға ниетті

30 Тамыз 2020, 23:04
1306
Бөлісу:
Өзбекстан халықаралық әуе рейстерін қайта бастауға ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның Көлік министрлігі шет елдермен тұрақты әуе рейстерінің қайта басталуы мүмкін.

Қыркүйектен бастап Қазақстан, Түркия, БАӘ және Беларусьпен тұрақты рейстерді жаңарту мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы Өзбекстанның Көлік министрлігінде хабарлады.

Өзбекстанға эпидемиологиялық жағдай тұрақталмаған елдерден ("қызыл рейстер") ұшатын жолаушылар ұшудан 72 сағат бұрын ПТР әдісімен ғана жасалған  сертификат ұсынуы керек. Сертификат ағылшын немесе орыс тілдерінде болуы тиіс.

Коронавируспен ауыру деңгейі төмен елдерден ("сары рейстер") Өзбекстанға кіретін адамдар ПТР әдісімен немесе экспресс-тестпен жүргізілген коронавирусқа теріс тесттің болуы туралы сертификат ұсынуы керек.
Өзгелердің жаңалығы