Өзбекстан карантин мерзімін ұзартты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан коронавирусқа байланысты енгізген карантин мерзімін тағы 15 күнге ұзартты. Дегенмен елде бірқатар шектеу шаралары алынған.</h4>

 16 Мамыр 2020 2020, 19:36
16 Мамыр 2020 2020, 19:36
3704

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан коронавирусқа байланысты енгізген карантин мерзімін тағы 15 күнге ұзартты. Дегенмен елде бірқатар шектеу шаралары алынған.

Үкіметтің арнайы комиссиясы 14 мамырда карантин мерзімі кемінде 1 маусымға дейін күшінде қалатынын мәлімдеді. Бірақ кейбір кәсіпорындарға жұмысын жалғастыруға рұқсат етілмек.

Орталық Азиядағы халқы ең көп мемлекетте ресми мәлімет бойынша, 2652 адамнан коронавирус табылған, 11 адам қайтыс болған.

Наверх