Зайсандағы кісі өлтіруге оқталу: Жараланған жігіт шұғыл Өскеменге жеткізілді

ШҚО-да оқ тиіп, жараланған жігіт санавиация бортымен Өскеменге жөнелтілді.

 ТЖМ баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 18:31
Бүгiн 2026, 18:31
155
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Зайсанда оқ тиіп, жараланған жігіт санавиация бортымен Өскеменге жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағандай, Зайсан аудандық ауруханасында жараланған азаматқа шұғыл хирургиялық көмек көрсетілді.

Пациент тірі, кейінірек есін жиды. Ер адам санавиация бортымен Өскеменге тасымалданды. Қазіргі уақытта ол бірінші қалалық ауруханада дәрігерлердің бақылауында, – деп нақтылады ведомство өкілдері.

Айа кетейік, оқиға Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында 8 сәуірге қараған түні болған. Белгісіз тұлғалар 21 жастағы жігіттің арқасынан атып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Кейінірек күдіктілер ұсталды. Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тағы оқи отырыңыздар:

Шығыс Қазақстан облысында жас жігітті атып кетті

Астанадағы тұрғындарды шошытқан «атыс»

Жамбыл облысында әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп, көз жұмды 

Наверх