Зайсандағы түнгі атыс: Жігітті арқасынан атқан екі күдікті ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша күдікті екі адам ұсталды.

 ©BAQ.KZ архиві/Ербол Бекболат Бүгiн 2026, 20:49
Бүгiн 2026, 20:49
104
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Ербол Бекболат

ШҚО-ның Зайсан қаласында болған атыс оқиғасында жас жігіт ауыр жараланды. Кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен екі адам жедел түрде ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерде 8 сәуірге қараған түні Зайсан қаласында атыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Белгісіз екі адам жас жігітке оқ атып, оны арқасынан жаралаған.

Жарақат алған азамат аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Ал күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын.

Бүгін олардың ұсталғаны белгілі болды.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша кісі өлтіруге оқталу фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталған.

Екі күдікті жедел түрде анықталып, «ізін суытпай» ұсталды. Қылмыс құралы тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Айа кетейік, оқиға Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында 8 сәуірге қараған түні болған. Белгісіз тұлғалар 21 жастағы жігіттің арқасынан атып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Оқ тиіп, жараланған жігіт санавиация бортымен Өскеменге жеткізілді. ШҚО-да оқ тиіп, жараланған жігіт санавиация бортымен Өскемен қаласына жөнелтілді.

Наверх