Зайсанда су тасқынына дайындық пысықталып жатыр

26 Қаңтар 2024, 20:38
667
Бөлісу:
Зайсанда су тасқынына дайындық пысықталып жатыр
Фото: Артём Чурсинов -архив

Қары қалың жауатын шығыста көктемгі су тасқынының алдын алудың маңызы зор. Бұл бағытта кейбір аудандарда дайындық жұмыстары жүргізіле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Зайсан ауданында ауылдық округ әкімдерінің және аудандық төтенше жағдайлар өкілдерінің қатысуымен көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жиын өтті.

Аудан әкімі жауапты тұлғаларға тапсырма беріп, инертті материалдар мен техникаларды сақайда сай қылу керектігін тапсырды.

Ауылдық округ әкімдеріне және тірек пункт қызметкерлеріне өзендердің арнасын тексеруге, тоғандарды тазартуға, қауіпті аймақтарды аралауға тапсырма берілді. Мөшектерге инертті материалдарды қаптап көктемге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қауіпті аймақтарға тиісті жанар-жағармай бөлініп, техника жіберілетін болады. Бұл тапсырмалар аудан әкімінің қадағалауында, – деп жазды Зайсан ауданы әкімдігі фейсбук парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы