Зайсанда өткен жылы 11308 шаршы метр тұрғын үй пайдалауға берілді

1 Сәуір 2023, 16:15
1118
Бөлісу:
Зайсанда өткен жылы 11308 шаршы метр тұрғын үй пайдалауға берілді

Қазір аудан бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры кезегінде 1608 адам, жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін алуға 2792 адам кезекте тұрған көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Altaynews жазды.

«Бірқабатты Шығыс» аймақтық бағдарламасы аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағынан осал топтарға 35 екі пәтерлі (70 пәтер) тұрғын үйлерге жеке инвесторлармен офф-тейк контракт жасалып, 5550 шаршы метр жер телімдері беріліп, құрылыс жұмыстары жүргізілді, - дейді Зайсан ауданының әкімі Дулат Қажанов.

Сондай-ақ үйлерді пайдалауға беру үшін 1,6 км кірме жолдарға қиыршық тас төселді, 3,1 км магистральдық және су құбыры желілері тартылып, 75 дана электр тіректері орнатылған.

Жобаның 110,8 млн. теңге қаражаты ағымдағы жылға қарастырылып отыр, тамыз айына дейін тұрғын үйлер пайдалануға беріледі, - деп атап өтті аудан әкімі.

Өзгелердің жаңалығы