Зайсанда құйын салдарынан бүлінген үйдің басым бөлігі қалпына келтірілді

12 Қыркүйек 2020, 16:44
1935
Бөлісу:
Зайсанда құйын салдарынан бүлінген үйдің басым бөлігі қалпына келтірілді
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

118872672_171959894397032_9183979193424047350_n.jpg

Еске салсақ, 4 қыркүйекте Зайсан ауданында табиғи апат болды. Ресми ақпаратқа сүйенсек, сағат 18:00 шамасында қатты құйын соғып, Қаратал ауылындағы 34 үйдің тас талқанын шығарып кеткен. Кейіннен ауданның шет-шетінен жиналған еріктілер қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп кеткені белгілі болды.

Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин Қаратал ауылындағы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты.

119003651_172451904347831_7416406849499456732_o.jpg

4 қыркүйекте болған қатты желден зардап шеккен Қаратал ауылы, Рамазанов көшесінің тұрғындарымен кездесіп, жағдайларын көзбен көріп, тілдесіп қайттым, - деді Зайсан ауданының әкімі.


Бұған дейін ол Қаратал ауылы Рамазанов көшесіндегі дауыл зардаптарын жою мақсатында көмекке алынған шиферлар комиссия шешімімен тұрғындарға таратылып берілгенін айтты. Шатыры бүлінген 25 отбасына жалпы саны 486 дана шифер үлестірілді. Зайнулдин дауыл зардаптарын қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

119139164_172949057631449_8808614357145311994_n.jpg

Өзгелердің жаңалығы