Зайсан көлінде екі балықшы жоғалып кетті

9 Қыркүйек 2019, 12:37
3030
Бөлісу:
Зайсан көлінде екі балықшы жоғалып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зайсан көлінде екі балықшы із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлады Алтайньюс.

6 қыркүйек күні көлге шыққан балықшылардың бірі – 41, екіншісі – 26 жаста. Жағалаудан бірнеше шақырым жерден балықшылардың бос қайығы ғана табылды. Құтқарушылар олар "суға батып кетуі мүмкін" деген болжам айтады. Өйткені 26 жастағы балықшы мүлдем жүзе алмайтыны белгілі болды.

"Өскеменнен барған сүңгуірлер жағалаудан 10-15 шақырым жерде, 15 метр тереңдікке дейін сүңгіп, балықшыларды іздеп жатыр. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына жақын елді мекендердің тұрғындары да атсалысуда. Құтқарушылар Зайсан көлінің үстін және маңайын тікұшақпен де шолып жүр. Іздеу жұмыстары жалғасуда", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы