Зауыт қызметкерлері толықтай вакцина салдырды

4 Тамыз 2021, 18:46
3797
Бөлісу:
Зауыт қызметкерлері толықтай вакцина салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда зауыт қызметкерлері толықтай вакцина салдырған. Бұл туралы «Алматы желдеткіш зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктігі директорлар кеңесінің төрағасы Марат Баққұлов хабарлады. Кәсіпорынның 100% екпе алғандығы туралы зауыт басшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Ұжымдық иммунитет қалыптастыруға атсалысқан мекемеде вакцинациядан соң вирус жұқтырудың жаңа жайттары тіркелмеген көрінеді.

Вакцинацияға келер болсам. Біздің зауыт толық құрамда бір ай бұрын 100% СOVID-19-ға қарсы екпе салдырды. Өткен жылы күн сайын 1-2 адам індетке шалдыққан болатын. Биыл былтырмен салыстырғанда ауру жұқтырғандар жоқ. Бірде-бір! Пандемия да жоқ секілді, - деп жазды зауыт басшысы.

Қазіргі уақытта әлем бойынша індет өршіп тұрғаны белгілі. Бұған дейін Қазақстанда инфекциялық төсек-орындардың жартысынан көбі толы екендігін жазған болатынбыз. Инфекциялық төсек-орындар, әсіресе, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қызылорда және Қостанай облыстарында толық көрінеді. Ал реанимациялық төсек-орындардың толуы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау және Атырау облыстары көш бастап тұр.

Өзгелердің жаңалығы