Отандық зауыт биыл теміржолға арналған 3 мың электр жетегін өндірді

16 Қаңтар 2020, 14:55
3011
Бөлісу:
Отандық зауыт биыл теміржолға арналған 3 мың электр жетегін өндірді
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Теміржолға арналған электр жетек өндіретін Alstom компаниясының "ҚазЭлектроПривод" бірлескен кәсіпорны Қазақстан темір жолы үшін 3000 Р80 бағыттамалық электр жетегін өндірді. 

Бұл туралы мекеменің бас директоры Ирина Лукошкова БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.

IMG_5846.JPG

Мамандардың айтуынша, Р80 типті бағыттамалық электр жетегі ең аз мерзімдік техникалық қызмет көрсету кезінде қозғалыс қауіпсіздігінің өте жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін жасап шығарылған. Р80 бағыттамалық электр жетегі 180 шақ/сағ. дейінгі жылдамдық кезінде және күрделі жөндеуден кейін қызмет ету мерзімі 15 жылға шектеусіз ұзартыла отырып, 20 жылға дейінгі коммерциялық пайдалану мерзімімен жұмыс істеу үшін сертификатталған. Alstom компаниясы әлемнің 30-дан астам елінде 50 мыңнан астам бағыттамалық электр жетегін орнатқан.

Бағыттамалық электр жетегі – бұл теміржол көлігінде қолданылатын электромеханикалық ауыстыру механизмі, яғни рельстердің бағыттамасын автоматты түрде жылжытады.

"ҚазЭлектроПривод" бірлескен кәсіпорны 2013 жылы құрылған. Басты міндет - ҚТЖ үшін 10 мың Р80 бағыттамалық электр жетегін өндіру. Бұл бағытта сомасы 90 млн еуроны құрайтын келісімшартты жасасқан. Зауыттың қуаттылығына келер болсақ, механикалық өңдеу кезінде 500 бірлік, ал құрастыру бойынша жылына 1 мың бірлік шығарады. Зауытта 50-ден аса адам жұмыс істейді, - дейді И. Лукошкова.
IMG_5912.JPG

Аталған компания жоғары жылдамдықты пойыздардан бастап метро, трамвай мен электробустарға дабылдама жүйесі, орталықтандыру және бұғаттауға арналған құралдар мен цифрлық мобильділік бойынша қызметтер ұсынады. 

Біз "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ үшін 3000-шы P80 бағыттамалық электр жетегін жасап, шығарғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл біздің өнімнің берік екендігін және жергілікті инфрақұрылымға толық сәйкес келетіндігін дәлелдейді. Біз әріптесіміз ҚТЖ-ға бағыттамалық электр жетектерін жеткізуді жалғастырмақпыз, - деді ҚЭЖ БК Бас директоры Ирина Лукошкова.
IMG_20200116_111541.jpg

Жиын барысында мамандар зауыттағы жоғары технологиялық құрылғылардың барлығы Жапониядан әкелінгенін және барлық халықаралық талапқа сай жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Алдағы уақытта көрші елдердің нарығына шықсақ деген жоспарымыз бар. Биылдан бастап, P80 бағыттамалық электр жетегін Өзбекстанға апарып сынақтан өткіземіз. Егер олар біздің өнімнің сапалы әрі тиімді екенін бағалап жатса, олармен де келісімшарт жасасамыз, - дейді зауыттың бас директоры.
IMG_20200116_112127_1.jpg

 Зауыт директоры сөз арасында, Alstom компаниясы сондай-ақ электровоз құрастырумен айналысатынын жеткізді.

IMG_20200116_112152.jpg
Нұр-Сұлтан қаласындағы индустриялық аймақта электровоз құрастыру зауыты жұмыс істеп тұр. 2012 жылы құрылған бұл зауыт Әзірбайжан үшін К38А, К34АТ  және Ф38Ф электровоздарын өндіреді. Өнімділігі жылына 100 секция. Онда 650-ден астам адам жұмыс істейді, - дейді И.Лукошкова.

Өзгелердің жаңалығы