Зарема Шәукенова: Ел сенімі саяси өмірге серпін береді

2 Ақпан 2022, 09:41
43972
Бөлісу:
Зарема Шәукенова: Ел сенімі саяси өмірге серпін береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» агенттігіне берген сұхбатын­да алдағы саяси реформалардың бағыт-бағдарын айқындап, қазақстан­дық саяси кеңістікті елеулі өзгерістер күтіп тұрғанын айтты.

Осыған байланысты ҰҒА академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы Зарема Шәукенова өз пікірін білдірді.

Бұл алдағы күндері елімізде конс­т­рук­тивті идеяларды, соның ішінде оп­по­зициялық күштерді нығайтатын, саяси жүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қайта құрудың сындарлы жобаларын енгізе алатын жаңа саяси партиялар пайда болуы мүмкін деген сөз. Мемлекет басшысының ай­туынша, Nur Otan партиясының өзінде де оппозиция бар. Сондықтан уақыт талаптарын ескере отырып, олар да жаңаруы тиіс. Парламентті түбегейлі қайта құру туралы айтқан Президент Мәжі­ліс­те бірнеше мықты партия болуы керек­тігіне де ерекше мән берді. Егер Пар­ламентте Үкіметті жасақ­тау сияқ­ты м­әсе­лелер бойынша конститу­циялық көп­­шілік болмаса, бұл партиялар келі­сім­ге келуі тиіс. Сол кезде ғана экс­тре­мис­тік популизм мен қоғам нара­зы­­лы­ғынан қорғана аламыз - дейді Зарема Кәукенқызы "Егемен Қазақстан" газетіне жазған мақаласында.

Саяси жүйенің барлық тетіктері, оның ішінде парламенттік партиялар елді турбуленттілікке ұшыратпауы тиіс. Осыған орай Президент тиімді жұ­мыс істейтін Германия партияларын мысалға келтірді. Соған қарағанда бұл тәжірибе біздің елімізде де пайдаланылуы ықтимал.

Немістің Бундестагы – жалпы пре­зи­дент билігіне күшті қарама-қарсы­лықты құрайтын америкалық конгресс сияқты толығымен автономды орган емес. Егер америкалық конгресс өз бастамалары арқылы елдің саясаты мен заң шығару процесін («жұмыс парламенті») анықтауға елеулі түрде қатысатын парламент болса, онда британ парламентінің төменгі палатасы, керісінше, үкіметтің қолындағы құрал, үкімет пен оппозицияның мүдделері үнемі қақтығысатын алаң. Неміс демократиясының тұрақ­ты­лығы партиялық жүйенің тұрақ­ты­­лы­ғына негізделген. ГФР-дің сая­си жүйесін көбінесе «партиялық демо­кратия» деп босқа атамайтыны бел­гілі. Партиялар демократияның ма­ңыз­ды институттары болып табылады. Олардың Германиядағы қызметі Негіз­гі және Партиялар туралы заңдарымен рет­те­леді. Негізгі Заңның 21-бабын­да «Партиялар халықтың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға ықпал етеді. Олар еркін құрылуы мүмкін. Олар­дың ішкі ұйымы демократиялық ұста­ным­дарға сәйкес келуі керек», делінген - дейді ол.

Оның пікірінше, депутаттар мажоритарлық-про­пор­ционалды жүйе бойынша сайлана­ды, басқаша айтқанда, әр сайлау­шы­ның екі дауысы бар: сайлау округінен нақты үміткерге бір дауыс (тікелей үміткер), ал екінші дауыс белгілі немесе басқа бір партияға беріледі. Бұл жүйенің жағымды тұсы – сайланған парламент сайлаушылары пікірлерінің алуан түрлілігі. Ал кемшілігі – мысалы, Ұлыбританияда бар таза мажо­ри­тар­лық жүйеге қарағанда үкіметтің көп­ші­лігіне қол жеткізу қиынырақ болатыны.

Қоғамның әлеуметтік сенімі жай ғана сипаттама емес. Егер бұл сая­си институттың тарапынан, мысалы, саяси партия бастамасының орындалуына күмән келтірілсе, егер сенімнің күрт төмендеуі немесе болмауы созылмалы немесе жүйелі түрде болса, онда сенімсіздік өзін-өзі толық қамтамасыз ететін әлеуметтік мінез-құлықтың көрінісіне айналады. Осыған ұқсас жайтты біз еліміз­дегі қаңтар айындағы қайғылы оқиға­лар кезінде де көрдік. Бір кездер­дегі ке­ңестік коммунистер өздері­нің пар­­тиялық билеттерін жыртып тас­­та­­ған­дары сияқты, күні кеше Nur Otan-нан шығу туралы мәлімде­ме­лер­­дің айтылғандығына куә бол­дық. Сол кезде де, қазіргі кезде де мұн­дай әрекеттер, шын мәнінде, қоғам­ға, сон­дай-ақ сол қойылымның кейіпкер­лері­­не қажетті катарсис бермейді, тек өкі­ніш пен көңілсіз түңілу сезімін тудырады - дейді саясаттанушы.

Қоғамның сенімі – күрделі әлеумет­тік феномен. Адамдар саясаткерлерге әртүрлі тұрғыда сенеді. Біздің әлеу­меттік сауалдамаларымызда Пре­зи­дентке деген сенім рейтингтері Үкі­мет, Парламент, әкімдер, партиялар мен қоғамдық ұйымдарға қарағанда тұрақ­ты түрде жоғары.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында: «Прези­дент қоғамдық-партиялық және сая­си құрылымдардың бәрінен бір­ша­ма жо­ғары тұруға тиіс деп санай­мын. Әр­түрлі қоғамдық-саяси  күш­тер­ді мем­ле­кетіміздің мүддесіне жұ­мыл­дыра білуім керек» деп атап өтті. Жалпы, қоғамның Мемлекет басшысы­на сенім артуы елдің саяси өміріне оң сер­пін мен тұрақтылық беретіні анық. Сұхбатта Президент өзінің ашық және адал саяси бәсекелестіктің кепі­лі ретінде қызмет ететіндігін ерек­ше атап өтті. Ол саяси жүйені және эко­но­миканы өзгертудің оң нәтиже­лері­не қол жеткізуді өзінің миссиясы деп са­найды. Саяси өзгертумен де, эконо­ми­калық қайта құрулармен де бір мезгілде айналысу керек - деп жазады академик.

Өзгелердің жаңалығы