Зардап шеккен өңірлерге 4 529-дан астам тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

19 Сәуір 2024, 00:23
588
Бөлісу:
Зардап шеккен өңірлерге 4 529-дан астам тонна гуманитарлық көмек жеткізілді
Фото: скрин

Қазіргі су тасқыны жағдайы туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, су тасқыны басталғалы бері барлығы 118 116 адам, оның ішінде 44 241 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 656 адам өз үйлеріне оралды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. 8 850 адам, оның ішінде 3 948 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 274 тұрғын үй мен 2 719 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,3 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,3 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 009 жеке тұрғын үй, 1 109 аула аумағы су астында қалуда.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 44 113 адам, 4 608 техника, 858 су сору құралы, 339 жүзу құралы, 16 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда. Зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 4 529-дан астам тонна гуманитарлық көмек жеткізілді, – деді ТЖМ ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы