Запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады

30 Қаңтар 2024, 10:26
743
Бөлісу:
Запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақырылады
Фото: Арман Мухатов - архив

Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 25 қаңтардағы «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 2024 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарда әскери қызмет өткеруге шақырылсын, - делінген құжатта.

2024 жылы әскери қызметке шақыруға жататын запастағы офицерлер саны.

Қарулы Күштер – 600 адам;
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
Ұлттық ұлан – 42 адам;
Төтенше жағдайлар министрлігі – 30 адам.
Барлығы 752 адам қызметке шақырылады.

Қаулы 2024 жылғы 9 ақпанда күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы