Заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары анықталды

30 Маусым 2022, 21:05
1643
Бөлісу:
Заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Павлодардағы құрылыста заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары анықталды. Енді олардың жалақысы айыппұл төлеуге кетеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұза отырып жүрген шетелдіктерді анықтау мақсатында Павлодар облысының аумағында «Нелегал-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараның екі күнінде 124 шетелдік азамат елде болу ережелерін бұзғаны үшін жазаға тартылды. Оның 60-ы еңбек қызметі ережелерін бұзғаны үшін, 11 жұмыс беруші еңбек қатынастарын қамтамасыз етпегені үшін тартылды, - деді департаментте.

Мәселен, Новосібір облысының 44 жастағы тұрғыны мемлекеттік шекараны айналып өтіп, Қазақстанға кірген. Ол полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Сонымен қатар Павлодар қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде Өзбекстанның 8 азаматы тиісті рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізген.

Енді олардың жалақысы айыппұлды жабуға кетеді. Жұмыс берушіні де әкімшілік айыппұлды күтеді, - деді департаментте.

Айта кетейік, «Нелегал» жедел-алдын алу шарасы 2022 жылдың 4 шілдесіне дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы