Заңсыз үкім шығарған судьялар қылмысқа тартылмайды. Елекеев Матаевтардың ісі туралы айтты

20 Шілде 2022, 16:59
1881
Бөлісу:
Заңсыз үкім шығарған судьялар қылмысқа тартылмайды. Елекеев Матаевтардың ісі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Ирак Елекеев мемлекеттік орган мен бизнес өкілдерінің кездесуінде айтты.

Бізде сот саласында заңсыз үкім шығарған судьялардың біреуі қылмысқа тартылмайды. Матаевтардың істері бойынша қазір кімнің тапсырмасы екені белгілі болды. Оларды қазір тергеуші, прокурор, сот қылмысқа тартып жатыр ма? Жоқ. Ал бұл анық әділетсіз үкім болды. Бұл соттың қателігі емес. Ал құзыретті қолдану болды, - деді ол.

Елекеев атағандай, осындай мәселелерді ашық айтпай, ешқандай өзгеріс болмайды. 

Біз осындай мәселелерді ашық айтуымыз керек. Сонда ғана жемқорлыққа қарсы күресте жеңіске жете аламыз. Егер ондай болмаса, әркім келіп бізге қысым көрсетіп кетуі мүмкін, - деді Елекеев. 

Айта кетейік, Жоғарғы сот Бас прокурордың наразылығы бойынша сотталған Сейітқазы мен Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық істі қарады. Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды толық ақтады.

Өзгелердің жаңалығы