Астанада мүлік иелері бірлестігі (МИБ) заңсыз орнатылған шлагбаумды демонтаждау туралы нұсқаманы даулауға тырысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шағымды көршілес үйдің МИБ төрағасы түсірген. Жоспардан тыс тексеріс шлагбаумның жалпыға ортақ пайдаланылатын жолға және мемлекеттік жерге тиісті құжаттарсыз орнатылғанын анықтады. Құзырлы орган құрылғыны алып тастау туралы нұсқама берген. Алайда ұйым бұл талапты орындамаған соң, оған әкімшілік хаттама толтырылған.
Нұсқама берілген МИБ оны сот тәртібімен даулаған. Шлагбаумдар мемлекеттік меншіктегі жер теліміне, сондай-ақ құқық белгілейтін құжаттарсыз жалпыға ортақ пайдаланылатын жолға орналастырылған. Сот бұл мән-жайларды жер телімін өз бетінше иемдену ретінде бағалады. Дауланып отырған нұсқаманы құзырлы орган қабылдаған және ол заң талаптарына сәйкес келеді, – делінген хабарламада.
Сот МИБ-тің талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты. Ұйымнан жерге орналастыру маманы мен мүдделі тарап өкілінің қатысуына байланысты 300 мың теңге шығын өндірілді. Сондай-ақ сот шлагбаумды демонтаждау туралы нұсқаманың заңдылығын растады.