Заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді

16 Ақпан 2022, 18:43
1063
Бөлісу:
Заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстаннан Қазақстанға заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырғандар ұсталды.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Өзбекстаннан Қазақстанға заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған «А.Д.», «К.Ш.», «С.Н.» және «Е.М.» деген өңір тұрғындары әрекетінің жолын кесті, - делінген хабарламада.

2022 жылғы 18 қаңтарда Түркістан облысы Жетісай ауданы сотының үкімімен көрсетілген адамдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыс жасауда кінәлі деп танылды. Әрбіреуі 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Өзгелердің жаңалығы