Шымкентте заңгер, блогер Айгүл Орынбек ұсталды деген ақпарат тараған. Дегенмен Шымкент полициясы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шымкент қаласының полиция департаменті Айгүл Орынбекті ұстамағанын хабарлаймыз,- деп жазды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін журналист Михаил Козачков Шымкентте блогер Айгүл Орынбек ұсталды деп жазды.