Заң және тәртіп: Алматыда "Сергек" жүйесі арқылы 3 миллионнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Бүгiн, 18:13
201
Бөлісу:
Заң және тәртіп: Алматыда "Сергек" жүйесі арқылы 3 миллионнан астам құқық бұзушылық тіркелді
Фото: Қалалық цифрландыру басқармасы

Алматыда жол-көлік оқиғаларының саны "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізгеннен кейін 17%-ға азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жанабектің айтуынша, "Сергек" кешендерінің үш жылдық жұмысы барысында Алматы жолдарында апаттар мен өлім-жітім деңгейі айтарлықтай төмендеді.

Заң және тәртіп: Алматыда "Сергек" жүйесі арқылы 3 миллионнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Бүгінде мегаполисте 1641 "Сергек" кешені жұмыс істеп тұр, бұл 9152 бейнебақылау камерасын қамтиды. 2021 жылдан 2024 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта жолдардағы өлім-жітім 40%-ға, жол-көлік оқиғаларының саны 17%-ға, ал апат салдарынан жарақат алғандардың саны 30%-ға азайды.

Сонымен қатар, жоба іске қосылғаннан бері қалалық бюджетке 44,08 миллиард теңге түскен.

Айта кетейік, тек биылғы жылдың тоғыз айында Алматыда 3 миллионнан астам құқық бұзушылық тіркеліп, 18,6 миллиард теңгеден астам айыппұл өндірілген.

Өзгелердің жаңалығы