2025-2026 жылдары «Human Rights Lawyers» қоғамдық қоры «Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» жобасын іске асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жоба аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмекке қолжетімділікті арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, Қазақстанның 5 өңірінде – Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарында тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейін бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша көрсеткіш 4 пайызға артқаны тіркелді.
Сонымен қатар, барып кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1 000-нан астам азамат жеке қолдауға ие болып, жоба мамандары құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша 2 200-ден астам кеңес берді.
Білім беру бағытына да ерекше көңіл бөлінді. Жобаны іске асыру кезеңінде 3 000 тұрғын үшін семинарлар, тренингтер және дәрістер ұйымдастырылды.