Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Замбияда тырысқақ індеті бақылауға алынды

Бүгiн, 17:15
110
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Замбияның денсаулық сақтау министрі Элайджа Мучима елдегі тырысқақ індеті бақылауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Министр Мучима баспасөзге жасаған мәлімдемесінде соңғы уақытта аурудың жаңа жағдайлары тіркелмегенін, ал эпидемиологиялық бақылау деректері індеттің ауыздықталғанын растап отырғанын айтты.

Министр бұл нәтижеге түрлі министрліктер мен ведомстволардың үйлесімді жұмысының арқасында қол жеткізілгенін атап өтті. 

Бұл қоғамдық денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді, – деді.

Сондай-ақ ол жеке бас гигиенасы қоғамдық денсаулықты қорғаудағы ең алғашқы әрі маңызды қадам екенін еске салып, азаматтарды сақтық шараларын босаңсытпауға шақырды.

2025 жылдың қыркүйегінен бері Замбияда тырысқақтың 625 жағдайы тіркеліп, 9 адам осы дерттен көз жұмған.

Өзгелердің жаңалығы