«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені

10 Қыркүйек 2021, 14:46
8651
Бөлісу:
«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына арналған «Замандас» аула клубы ашылды. 

Салтанатты іс-шараның ашылуында аула клубының жұмысына үлес қосып жүрген мамандар сөз сөйледі.

«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені

Бүгін тағы бір отбасылық аула клубымыздың ашылғанына куә болып отырмыз. Бұл ата-аналар мен балалар үшін өте маңызды жоба. Бүгін тек №55 мектеп үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін маңызды сәт. Себебі әр орталық ел балалары үшін ашылады. Клубқа келетін балалардың бүгіні мен болашағы бақытқа толы болады. Өйткені олардың өз дарындарын дамытуға, жаңа білім алуға мүмкіндіктері бар. Отбасылық аула клубы ел отбасыларының бақытына арналған. Бұл осымен ашылып отырған алтыншы клуб. Ең алдымен демеушілерге алғысымды айтқым келеді, - деп айтты «Замандас 21» қоғамдық қорының директоры Ләззат Алшынова.
Ол өз сөзінде балалар елдің болашағы екенін атап өтті. Сол себепті әркім өз болашағына жауапты. 

«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені

Сондай-ақ оның айтуынша, клубтың басты мақсаты – бақыт мекенін құру. Яғни аула клубы – бұл балаларға деген шынайы махаббат пен қамқорлық көрсетілетін, көңіл бөлінетін орын.

Орталықтың ашылуында «Замандас» клубының мүшелері өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, домбыра шертті.

«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені

Айта кетейік, клубтар «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жұмыс істейді. 

«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені

Іс-шара барысында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров орталықтың ашылуымен құттықтады.

«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені

Бүгін «Замандас» клубының тағы бір орталығы ашылып отыр. Бұл біздің маңызды міндеттерімізге тағы бір қадам жасағанымызды көрсетеді. Біздің қор клубқа 2013 жылдан бері қаржылай көмек көрсетеді. Қоғамдық қормен бірлесе отырып, балаларымыз үшін бірқатар жобаны жүзеге асырдық. Сол себепті өмірімізде осындай жақсы жаңалықтар болып жатқанына қуаныштымыз. Жаңа клуб тағы 250 бала үшін мүмкіндіктер ашты. «Замандас» тәрбиеленушілерінің көпшілігі бос уақытында клубқа барып қана қоймай, үлкен жетістіктерге жетті – республикалық чемпионаттарды жеңіп алды, спорт кандидаты және шебері атанды, шығармашылық конкурстар мен жарыстарда жеңіске жетті, - деп айтты қор өкілі.
«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені

Ол «Замандастың» балалары сабақтан тыс 30-дан астам үйірмеге қатыса алатынын атап өтті. 

«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені

Сонымен қатар «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев аула клубының ашылуына қатысты. 

«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені

Ол «Замандас 21» қоғамдық қорының директоры Ләззат Алшыноваға қала әкімі Алтай Көлгіновтың алғыс хатын табыс етті.

«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені

Бүгін «Замандастың» кезекті алтыншы клубы ашылып отыр. Оның үшеуі осы «Байқоңыр» ауданында орналасқан. Әрине бұл ауданымыз үшін қуантарлық жағдай. Әрқашан қала, аудан әкімдігі тарапынан бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Қаланың шеткі аймақтарында талантты балалардың санын арттыруға демеушілерден көмек тоқтамайды деп ойлаймыз. Мұндай орталық ашатын жерлер көп, - деді аудан әкімінің орынбасары.
«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені

Салтанатты іс-шара барысында аула клубына баратын балалар бар өнерлерін ортаға салып, қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады.

«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені

Бүгін біздің мектепке шын мәнінде «бақыт» қонып жатқандай. Ұйымдастырушыларға Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз үшін жасалып жатқан жұмыстар үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Балалардың мектепте өз қабілеттерін шыңдағаны ата-ана және баланың өзі үшін маңызды. Қазіргі таңда мектепте үйірмеге қатысуға ниет білдіріп жатқан балалар саны өте көп, - деді №55 мектеп директоры Дидар Рахымберлина.

«Замандас» аула клубы – балалардың бақыт мекені

Іс-шара барысында ата-аналар мен балалар да клубтың ашылып жатқанына қуанышты екендерін жасырмады.



Өзгелердің жаңалығы