Заманауи мұғалім. Бүгінгі күннің сын-қатерлері

5 Қазан 2024, 10:10
778
Бөлісу:
Заманауи мұғалім. Бүгінгі күннің сын-қатерлері
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бүгін Павлодар облысында 20 мыңнан астам мұғалім кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, ұстаздықтың дара жолын таңдаған азаматтан қазіргі заманда қандай сын-қатерлерге тап болады? BAQ.KZ агенттігінің тілшісі білікті мамандармен тілдесіп, бұл тақырып төңірегінде пікілерін біліп көрді.

Мамандардың айтуынша, 15 жыл бұрынғы және қазіргі мұғалімдердің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Бүгінгі таңда сол кезде ұстаздарды алаңдатқан мәселелердің басым бөлігі шешімін тапқан.

Облыс орталығындағы №7 жалпы орта білім беру мектебінің директоры Мұрат Асайыновтың айтуынша, негізгі оң өзгерістердің қатарына қағазбастылықтың азаюын атап өтуге болады.

Біршама уақыт бұрын бізді қағаздастылық шаршататын. Есеп, журнал мен өзге құжаттарды қолмен жазып тапсыратынбыз. Сабақ барысында қолданатын құралдарымыз бор мен қара тақтамен шектелетін. Кәсіби ақпарат қолжетімсіз, ал интернет жүйесі тиісті деңдейге дамымады. Оған қоса қоғамымызда мұғалім мәртебесінің қорғалмағанын сезініп жүрдік. Қазір жағдай өзгеше. Білім беру ошақтарында құрал-жабдықтар жаңарды, әр мектепте жылдам ғаламтор бар. Педагог мәртебесін көтеру мәселесі республика деңгейінде көтеріліп, заң қабылданды. Оқыту үрдісі барысында жұмыстарымыздың басым бөлігін электронды форматта атқарамыз. Бұрынғы проблемелер түбегейлі шешілді деуге болады, - дейді Мұрат Асайынов.

Маманның айтуынша, мұғалім тап болатын сын-қатерлер туралы ой өрбіту үшін пандемия жылдарын еске алу жеткілікті.

Шыны керек, біз пандемияның қиындықтарына дайын болған жоқпыз. Қашықтын білім беруге дағдымыз аз болды. Әсіресе, егде жастағы ұстаздарымыз онлайн форматты меңгеруге қиындау болды. Десе де, қолдағы технологиялыр мен жүйелі шешімдердің арқасында бұған да төтеп бердік. Сондықтан, қазіргі уақытта кез келген жағдайға әзірміз. Әріптестерімнің барлығы цифрлық дағдыларын дамытуда алда келеді. Қазіргі заманның кез келген сын-қатерлерін қабылдап, басты миссия – бала оқытуды жоғары деңгейде атқаруға тырысамыз, - дейді Мұрат Асайынов.

Сарапшылардың айтуынша, кешегі педагог пен бүгінгі педагогтың арасындағы басты ерекшелік – заманауи ұстаз бұрынғы білім беру технологияларымен жаңа көзқараспен жұмыс істейді. Осындай трансформациядан өтеуге мұғалімдерді әдістемелік сүйемелдеу күшейген. Жыл сайын жаңаша технологиялар енгізіліп келеді.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары, педагог Гүлмира Башированың айтуынша, қазіргі ұстаз тек біліктілігі мен біліміне сүйенетін жағдайға жетті.

Себебі, кез келген мектептің техникалық жабдықталуына баса назар аударылып келеді. Ұстаздар озық технологияларды меңгеру мүмкіндігіне ие. Бүгінгі таңда өңір ұстаздары мен оқушылары республикада үздіктердің қатарында деп ауыз толтырып айта аламын. Мәселен былтыр 97 павлодарлық мұғалім республикалық шеберлік байқауына қатысып, олардың 22-сі жеңімпаз атанды. Әсересі, жас мамандардың қабілеттері қуантып отыр. Олар кез келген технологияны оңай меңгеріп, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді, - дейді Гүлмира Баширова.

Бүгінгі таңда павлодарлық ұстаздың орташа жасы – 40-50. Сарапшылардың айтуынша, «ұстаздар қартайып барады» дейтін күндер артта қалды. Себебі жыл сайын педагогикалық бағыттарды таңдаған жастардың саны артып отыр.

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анар Кәрімованың айтуынша, «Педагог мәртебесі» туралы заң қоғамның мұғалімдерге деген көзқарасы мен санасын түбегейлі өзгетті. Жастардың бұл мамандыққа деген ойы да басқа сипатқа ие болды.

Кадрларды даярлау кезінде теория, ғылыми зерттеулер, интеграцияны және тәжірибені біріктіру маңызды. Білім беру бағдарламаларын еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұранысына орай әзірлеу де аса маңызды. Бес жыл бұрын осындай тетіктер болмайтын. Бірнеше жыл бұрын педагогикалық мамандықтардың таңдаған оқушылар аз болатын. Қазіргі уақытта айтарлықтай көбейді. Яғни, сапалы іріктеу жүріп жатыр. Бізге келетін талапкерлер ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп, құжаттарын тапсырады. Жыл сайын «Алтын белгіге» ие болған 45 қыз-жігіт құжат тапсырып, мемлекеттік гранттар байқауына қатысады. Біз өз кезегімізде еңбек нарығы талап ететін және бәсекеге қабілетті маман даярлауға тырысамыз, - дейді Анар Кәрімова.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта облыс метептеріне 68 мұғалім керек. Әсіресе, бастауыш сынып, орыс тілі және әдебиет, математика пәндерінің мұғалімдері жетіспейді. Мәселені шешу үшін «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы оң септігін тигізіп келеді. 

Соңғы 2 жылда өңірдің ауылдық елді мекендеріне 400 жас маман келді. Педагогтерді барынша қолдап, ынталандыру мақсатында облыс көлеміндегі қолддау шаралары бар. Мәселен, жыл сайын өңір басшылығы үздік ұстаздар үшін 1000 АЕК көлемінде сыйақы пен өзге де марапаттар тағайындаған. Осы уақытқа дейін 86 мұғалім сыйақы мен төсбелгіге ие болып үлгерді.

Бүгінгі таңда өңірдегі педагогикалық университетте 4800 бала оқып жүр.

Төрт жыл бұрын аймақта демографиялық «шұңқыр» болды. Өйткені, оқуға түсетін талапкерлер саны азайып кетті. Сол кезде был жылы бірнеше ұстазды түлеткен кездер де болды. Бұл, әрине, теңізге тамған тамшыдай ғана. Соңғы жылдары мәселені шешу үшін мемлекеттік гранттан саны ұлғайды. Еңбек нарығының сұранысы бойынша орыс тілі және әдебиеті, информатика, математика, жаратылыстағы ғылымдарына гранттар көбірек бөліне бастады. Алдағы бірнеше жылда ұстаз тапшылығы проблемасы шешімін табуы тиіс. Жалпы, бүгінгі студент, ертеңгі педагогтерді қолдау жақсы. Мәселен, университетімізге түскен талапкерлер Қазақстан мен Түрркияның дипломдарын ала алады. Бізде қос дипломдық бағдарлама жүзеге асырылып келеді, - дейді Анар Еркінқызы.

Мамандардың айтуынша, педагогикалық мамандықтар арасынша шет тілдері, әдебиет және медиадидактика, дене шынықтыру және спорт бағыттары жоғары сұранысқа ие.

Заманауи ұстаз өз пәнін жақсы меңгеріп, оқтудан бөлек психолог-маманның дағдыларын меңгеру қажет. Бұл – еңбек нарығының талабы. Сондықтан, отандық педагогикалық білім беру оң өзгерістерге ие болуда. Мәселен, жоғары оқу орнымызда Финляндия және Назарбаев Зияткерлік университеттерінің өкілдерімен пилоттық бағдарларамы іске қостық. Университетте бакалавриаттың 240 кредиті болса, олардың 60-ы жаңа модель бойынша психологиялық-педагогикалық блокка бағытталған, - дейді Анар Кәрімова.

Ең бастысы, заманауи технологияларды қуып жүріп, бала тәрбиесі мен оларға деген қарым-қатынас өзгермеу керек. Сарапшылардың айтуынша, ұстаз жұмысындағы маңызды қағидаттардың қатарында мамандық пен балаға адал болу қасиеттері заманның трендіне айналу керек.

Балаларды жақсы көру керек. Ұстаздың бойында бұл қасиет болмаса, даму мүмкін емес. Оқушы жылулық пен қамқорлықты сезінсе, педагогті дос, жанашыр ретінде қабылдайды. Әр оқушы мектебі, ұжымы мен оқушыларын шынайы сүйіп, адал болса, еңбек те жемісті болмақ, - дейді сарапшылар.

Айта кеткейік, облыс мектептерінде еңбек ететін мұғалімдердің 60%-ы - сапалы құрам. Олардың қатарында отыздан астам педагог-шебер бар. Бұл санаттағы педагогтар оқулықтарды әзірлеуге атсалысқан. 

Сонымен қатар 3 мыңнан астам модератор мен зерттеуші бар. Яғни, балаларымызды шебер, зерттеуші және сарапшы-педагогтар оқытып жүр.

Өзгелердің жаңалығы