Қазақстан жастары заман талабына сай білім алуда – Сапарбаев

19 Қыркүйек 2019, 10:44
6980
Бөлісу:
Қазақстан жастары заман талабына сай білім алуда – Сапарбаев
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда Қазақстанда 132 жоғары оқу орны бар, онда 600 мыңнан астам қазақстандық қазіргі заман талабына және халықаралық стандарттарға сай білім алуда. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚазҰУ-да өтіп жатқан халықаралық конференция кезінде айтты. 

IMG-20190919-WA0016.jpg

Бердібек Сапарбаев жиынды өзінің алқалы сөзімен бастап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздегі білім саласына, оның ішінде жастарға үлкен көңіл бөлініп отырғанын айтты.

«Мемлекет бірінші күннен бастап жастарға көп көңіл бөлуде. Жастар саясаты жөнінде қабылданған заңда биылғы жыл Жастар жылы деп аталуы да бекер емес. Әрбір мемлекеттің болашағы, дамуы оның бірден бір білімді азаматтарына байланысты. Бүгінгі жиында айтылатын ұсыныстар, жаңалықтар осы Қазақстан білімінің дамуына өз әсерін тигізеді деген ойдамыз. Осындай жиынды ұйымдастырып отырған қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне алғыс айтамыз. Бұл оқу орнында 27 мыңға жуық жастарымыз білім алуда. Ең негізгісі университеттің материалдық, техникалық базасы, оқу жоспарлары, дайындап отырған мамандықтардың барлығы халықаралық стандарттарға сәйкес», - деді ол.

Сонымен қатар, ол ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің құттықтау хатын оқып берді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» тақырыбында халықаралық конференция басталды.

Өзгелердің жаңалығы