Залалданған қызанақтың әкелінуіне жол берілмеді

3 Маусым 2024, 05:37
353
Бөлісу:
Залалданған қызанақтың әкелінуіне жол берілмеді
Фото: gov.kz

Биыл шет мемлекеттерден 1075 автокөлікке тиелген15637,802 тонна қызанақ өнімі импортталып, фитосанитариялық талапқа (фитосанитариялық сертификаттың болмауы, таңбаның болмауы) сәйкес келмейтін көлемі 29,522 тонна болатын 8 автокөлікке тиілген қызанақ өнімдері өз еліне кері қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар, өнімнің жасырын залалдануын анықтау мақсатында, шет елден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыш өнімдерінің әрбір партиялары тиісті карантиндік фитосанитариялық сараптамадан (ПТР) өткізіліп,нәтижесінде,Түркіменстан Республикасына - 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасына - 4,2 тонна қызанақ өнімдерінен«қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» анықталып, өнімдерді кіргізуге тыйым сала отырып, кері қайтарылды.

Бұдан бөлек, жыл басынан фитосанитариялық бақылау бекеттерінде фитосанитариялық талапқа сәйкес келмейтін 497,624 тонна карантинге жатқызылған өнімдер кері қайтарылған.

Өзгелердің жаңалығы