Заңсыз бекіре балығын аулаған атыраулықтар ұсталды

12 Қыркүйек 2020, 10:56
1819
Бөлісу:
Заңсыз бекіре балығын аулаған атыраулықтар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау полицейлері заңсыз жолмен бекіре балығын аулаған екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қыркүйек күні Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері  Жайық өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп (рыбоохрана)  «Yamaha-40» аспалы қозғалтқышы бар Бударка қайығын тоқтатты. 

Тексеру кезінде қайықтағы Дамба ауылының 36 жастағы екі тұрғынынан екі қапқа салынған жалпы салмағы 60 келіге жуық бекіре тұқымдас балықтары, сондай-ақ 40 келі сазан балығы, ау-тор жарақтар табылып, тәркіленді.



Өзгелердің жаңалығы