Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі. «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік пен жаңғыру» тақырыбында өткен алқалы жиынға республиканың барлық облыстарынан арнайы делегация барды.
Оқи отырыңыз:
«Үш мемлекеттен келген шетелдіктер баяндама жасады. Атап айтсақ, Түркия, Ресей және Германия өілдері. Осы баяндамаларды тыңдап, ғалым ретінде жақсы ой түйдім. Қазір халықаралық аренада Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесі жіті зерттеліп жатыр. Біздің Қазақстан көп ұлтты біріктірген мемлекет ретінде дамып келеді», - деді тарихи оқиғадан алған әсерімен бөліскен СҚО ҚХА медиация кабинетінің меңгерушісі Гүлбахша Мұсабаева.
Қазақстан халқы Ассамблеясының әр сессиясы ел өміріне жаңалық алып келеді. Тек ұлтаралық келісім мен халық бірлігі өзгеріссіз.
«Тәуелсіздік жылдары жас ұрпақ жетілді. Бәріміз де мемлекетіміздің алға қадам басуы үшін аянбастан еңбектенетініміз анық. Солтүстік Қазақстан облысының жастары мемлекетімізді, өңірімізді ілгерілетуге бағытталған барша реформаларды қолдаймыз», - дейді «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Роксана Орынбасарова.