Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары, полиция аға лейтенанты Сарбалаев Жасұлан және полиция майоры Алдаберген Бауыржан көпқабатты үйдің екінші қабатының терезе жақтауында отырған 3 жасар баланы құтқарды.
Ведомстводан хабарлағандай, оқиға ақпан айының басында күндізгі сағат 15:00 шамасында Қызылорда қаласының «Шұғыла» мөлтек ауданында орын алды. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының «102» телефонына белгісіз бір азаматша хабарласып, «Шұғыла» мөлтек ауданындағы көпқабаты үйлердің бірінде екінші қабаттың темір торсыз қоршалмаған терезе жақтауында бүлдіршіннің отырғандығы жөнінде хабарлайды.
Хабарлама түскен соң осы аймақтың учаскелік полиция инспекторлары дереу оқиға орнына жетеді. Тормен қорғалмаған ашық тұрған терезе алдында отырған балаға төніп тұрған қауіпті ескеріп, полиция аға лейтенанты Сарбалаев Жасұлан газ құбырларымен жоғары өрмелеп, ашық терезе алдында отырған балдырғанды өзінің денесіне үйдін ішіне қарай итеріп құлап кету қаупінен құтқарады. Бұл уақытта екінші учаскелік полиция инспекторы Алдаберген Бауыржан пәтер иелерін анықтау мақсатында көршілерді аралап кетеді. Телефондарын тапқан инспектор дереу баланың әке-шешесіне хабарласып, болған жағдайды баяндайды. Тексеру барысында анасының жұмыста, әкесінің есік алдындағы дүкенге шығып кеткендігі анықталды.
Аймақтың учаскелік полиция инспекторларының қарқынды жұмыстарының нәтижесінде үш жасар балдырған құтқарылып, аман-есен ата-анасына табысталды. Ата-анасының алғысы шексіз.