Қызылордалық полицейлер есепте тұрғандарды тексерді

24 Тамыз 2020, 22:03
1399
Бөлісу:
Қызылордалық полицейлер есепте тұрғандарды тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы бойынша “Тұрмыс” жедел іс-шарасының қорытындысымен 305 адам ішкі істер органдарының есебіне алынып, оның 175-не қорғау нұсқамалары шығарылса, 27 құқық бұзушыға мінез-құлқына сотпен ерекше талаптар белгіленді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қолайсыз отбасы санатымен жеті отбасы, 60 адам маскүнем санатымен есепке алынды. 

Сонымен қатар, шара барысында 395 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мысалы, 20 тамыз күні сағат 10:25 шамасында Қызылорда қаласының 73 жастағы әйел өзінің 47 жастағы маскүнем баласынан қорғауды сұрап арызданған. 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Нұрым Битасов арыз бойынша отбасында жанжал шығарушы бұзақыға 30 тәулікке қорғау нұсқамасын шығарып, қазіргі таңда тәртібіне қадағалау жұмыстарын жүргізуде. 


Өзгелердің жаңалығы