Қызылордалық еріктілер індетке қарсы күрес шараларына белсенді атсалысуда

16 Шілде 2020, 19:22
1523
Бөлісу:
Қызылордалық еріктілер індетке қарсы күрес шараларына белсенді атсалысуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалық ерiктілер коронавирyс індетiне қарсы күрес шараларына белсендi атсалысyда.

Облыстық жастар саясаты мәселелерi басқармасының басшысы Қyаныш Жанұзақовтың айтyынша, ерiктілер Қызылорда қаласындағы 170-ке жyық тұрғынға тегiн дәрi-дәрмек жеткiзіп берген. Сондай-ақ, аурyханаларға оттегi баллондарын тасымалдаyда.

Әсіресе, қазiргі пандемия кезiнде елге жақсылық жасап, көмектессек екен деген адамдар ерiктілердің қатарын өз еркiмен толықтырып жатыр. Қазір қалада автоерiктілер де пайда болды. Олардың тізімін жасақтадық. Автоеріктілердің міндеті – мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарияларға, басқа да мұқтаж адамдарға дәрі-дәрмекті жеткізу, ауруханаларға оттегі баллондарын тасымалдау. Бүгінде 19 автоерікті өз көлігімен осы ізгі іске белсенді көмек беріп жүр. Сонымен қатар, коронавирус індеті тарала бастаған уақытта еріктілер тұрмысы төмен отбасыларға медициналық маскаларды, антисептиктерді, азық-түлiк пакеттерiн таратып, көмектесті, – дейді басқарма басшысы Қуаныш Жанұзақов.

Індеттi ауыздықтауға, адамдардың өмірін сақтауға үлес қосуды мақсат еткен еріктілердің бірі – Рахымжан Мұсатай. Ол еліңнің патриоты екеніңді сөзбен емес, іспен көрсету керек деп есептейді.

Өзім секілді көптеген жастар қоғамға пайдамыз тисе екен деп жанталасып жүр. Бір оттегі баллонының салмағы 90 келі болады. Санитарлық талапқа сәйкес аурухана ауласына көлікпен кіруге рұқсат жоқ. Сол себепті, сол баллонды өздеріміз көтеріп, арқалап тасимыз. Whatsapp-тан еріктілерге арнайы топ ашылған. Сол жерде неше баллон, қай ауруханаға апару керегі жазылады. Соған қарап, әрекет жасай береміз. Күніне 20 баллон таситын кезіміз болады. Баллонды толтыру да машақат. Қай күні "Квант" деген серіктестікте таусылып қалды, басқа жерге баруға тура келді. Онда барсақ, кезек. Уақыт болса, тығыз. Әркімге жағдай айтып, амалын тауып жүрміз, – деді ерікті жас Рахымжан.

Айта кетейік, биыл "Еріктілер жылы" Сыр елінің ерiктілері тұрмысы төмен отбасыларға демеyшiлік есебінен 5 үйдің берілуіне, Жалағаш аyданындағы 2 үйдi жөндеyге жәрдемдесті.

Өзгелердің жаңалығы