Қызылордада "Жолда қабылдау" акциясы өтеді

15 Қазан 2019, 22:09
1757
Бөлісу:
Қызылордада "Жолда қабылдау" акциясы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы полиция департаменті қазан айының 18-19 күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі.

Облыс тұрғындарымен кездесуде департамент бастығының орынбасарлары, Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Әкімшілік полиция басқармасының басшылары арнайы автобустарда халықты жеке қабылдайды. 

Акция барасында халыққа ішкі істер органдары  көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан  шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ он-лайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу,  полиция  қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі.

«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі. 
Өзгелердің жаңалығы