Қызылордада жоғалған жасөспірімдер табылды

7 Қазан 2020, 18:42
1434
Бөлісу:
Қызылордада жоғалған жасөспірімдер табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық полицейлер жоғалған балаларды 3 сағат ішінде тауып, анасына тапсырды, деп хабарлады Polisia.kz. 

2 қазан күні сағат 23:20 шамасында Қызылорда қаласы Тасбөгет полиция бөліміне Махамбет ауылы тұрғынынан кәмелетке толмаған 13 және 11 жастағы екі баласы ойнауға шығып, қайта оралмағандығы жөнінде хабарлама түскен. 

Жоғалған балаларды іздеу үшін барлық полиция қызметкері жұмылдырылды. Полицейлер жоғалған балаларды 3 сағат іздеп, нәтижесінде балалар аман-есен үйіне оралды. Бүгінгі таңда балалармен және олардың ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.



Өзгелердің жаңалығы