Қызылордадағы жол апаты: тағы бір бала көз жұмды

22 Қараша 2019, 11:39
2594
Бөлісу:
Қызылордадағы жол апаты: тағы бір бала көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордадағы жол апатынан зардап шеккен тағы бір бала алған жарақатының салдарынан ауруханада көз жұмды. Бұл туралы BaigeNews.kz сайты хабарлады.

Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, 10 жасар бала есін жимастан 21 қараша күні кешке көз жұмған.

Бала көп жарақат алған. Бас сүйек-миы зақымдандан, оң жақ саны сынған, сол жақ жіліншігі сынған. Бала ауруханаға түскенде комада болды. Оны тыныс алу аппаратына қосқан болатынбыз, - деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі Айбек Мырзағұлов.

Қаза болған баланың анасы қазір реанимация бөлімінде жатыр.

Жағдайы тұрақты ауыр. Қазір реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. Әйелдің саны, ортан жілігінің сүйегі сынған. Келесі аптада ота жасауды жоспарлап отырмыз. Ауруханадан шығару жөнінде айту әлі ерте, - деді Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Төлеген.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қараша күні Қызылордада көлік аялдамадағы адамдарды басып кеткен еді.  Сондай-ақ, жүргізушінің де ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.   



Өзгелердің жаңалығы