Қызылордада вирус жұқтырғандар бұған дейін ауырған адаммен байланыста болған

15 Сәуір 2020, 01:12
1422
Бөлісу:
Қызылордада вирус жұқтырғандар бұған дейін ауырған адаммен байланыста болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 2 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Ауру жұқтырған адамдардың біреуі – 67 жастағы әйел адам, енді біреуі – 26 жастағы ер адам. Екеуі де Шиелі ауданының тұрғындары. Олар коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Бекітілген алгоритмге сәйкес екінші мәрте алынған сынама коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті, – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда олар жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. 

14.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ жұқтырған 121 адам тіркелді: оның ішінде емделіп шыққандар саны ‒ 2, ем қабылдап жатқандар саны ‒ 119.


Өзгелердің жаңалығы